
«Бөбек» шағын-орталығына қош келдіңіз!
Баланың мейірімділік, қамқорлық және жан-жақты дамуы әлемі! Мини-орталық тәрбиеленушілерінің жеке тұлғалық өсуі, мектепке дайындалуы және қоғамда сәтті бейімделуі үшін әлеуметтік жағдай жасау көзделеді. Мектепке дейінгі ұйымдағы дамудың басым бағыттары: - балалардың өмірін қорғау, физикалық және психологиялық дамуын нығайту; - әрбір тәрбиеленушіге қолайлы орта жасау, оның жеке (жасқа, физиологиялық, психологиялық,
интеллектуалдық және басқа) ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып білім алу мүмкіндігі; - оқыту мен тәрбиенің сабақтастығы; - білім беру әрекетіне қатысушылар үшін психологиялық жайлылық; - ата-аналардың, педагогтардың және тәрбиеленушілердің бір-біріне құрметі мен сенімділігі. Біздің мини-орталық 3-тен 5 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Мини-орталықта балалардың ойлау, адами, шығармашылық және физикалық дамуы үшін барлық жағдай жасалған.
Біз әрқашан Сізге және Сіздің кішкентайларыңызға қуаныштымыз!
Ақпан айыеың циклограммасы