Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Новомир ЖББОМ»КММ жанындағы шағын орталықтың парақшасына қош келдіңіз

2023-2024 оқу жылында Бөбек шағын орталығында үйде тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультациялық пункт жұмыс істейді. Консультациялық пункт мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын мектепке дейінгі білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Консультациялық пункт мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын 6 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған. Консультациялық пункт отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық-әдістемелік көмек көрсету, балабақшаларға бармайтын балалардың жеке басының жан-жақты дамуын қолдау мақсатында құрылған.

Консультациялық пункттің негізгі міндеттері:
– мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамыту мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) әдістемелік көмек көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге жәрдемдесу;
– ата-аналарға (заңды өкілдерге) баланы туғаннан бастап 6 жасқа дейін тәрбиелеудің, оқытудың түрлі мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
– ата-аналарға (заңды өкілдерге) диагностикалық көмек көрсету, мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы проблемаларды тану және диагностикалау;
– мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық, психикалық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алу;
– мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақпараттық қолдау көрсету.

  Сарсебаева Жадыра Шайдоллаевна – «Бөбек» шағын орталығының тәрбиешісі

Жалатбекова Макпал Куатовна –  «Бөбек» шағын орталығының тәрбиешісі

Лай Марина Анатольевна – Бөбек шағын орталығы тәрбиешінің көмекшісі

Кунакбаева Айнур Серикказиевна – Бөбек шағын орталығы тәрбиешінің көмекшісі