Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

5 желтоқсаннан бастап халықаралық «Информатика апталығы» аясында «Қазақстандағы код сағаты» апталығы басталды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ақпараттық технологияларға, әсіресе қолданбалы бағдарламалауға деген қызығушылығын арттыру. 5-8 желтоқсан аралығында информатика пәнінің мұғалімі Э.Ж.Кожагелдинова 5-9 сыныптар арасында апталық өткізді. Биылғы Код сағаты жоғары деңгейге көтерілді, яғни жасанды интеллект (ЖИ) және оны қамтитын бағдарламалау мүмкіндіктерін ұсынады. Оқушыларға бұл өте ұнады, бұл қызықты және танымдық болды.